Сапар барысында Н.Назарбаев Сауд Арабиясының королі Фахд мырзамен және басқа да ел басшыларымен кездеседі деп күтілуде.
Сауд Арабиясының «Әл-Жәзира» газетіне сілтеме жасай отырып Ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, екі мемлекет басшысы өзара ынтымақтастықты дамыту, таяу шығыстағы ахуал, сондай-ақ, басқа да халықаралық өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасады.
Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихында Елбасының аталмыш мемлекетке жасаған екінші ресми сапары болмақ. Н.Назарбаев алғаш рет Сауд Арабиясына 1994-жылы ат басын тіреді.