Елбасы 2008 жылғы Қазақстан Республикасы президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығына ие болған бес кәсіпорынның басшыларын марапаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы 2008 жылғы Қазақстан Республикасы президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығына ие болған бес кәсіпорынның басшыларын марапаттады

Елбасы 2008 жылғы Қазақстан Республикасы президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығына ие болған бес кәсіпорынның басшыларын марапаттады

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан Республикасы президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығына ие болған бес кәсіпорынның басшыларын марапаттады. Олардың барлығы екі жыл ішінде конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2008
  • 865
Фото - Caravan.kz

Биылғы жылы президенттің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға 97 кәсіпорын, «Алтын сапа» көрме-конкурсына 148 үміткер қатысқан. Олардың барлығы өңірлік іріктеу конкурстарының жеңімпаздары.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегерлері мен «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанттарын марапаттау рәсіміне қатысты.

«Көрме» кешеніне келген мемлекет басшысы алдымен «Алтын сапа» көрме-конкурсына қатысушы кәсіпорындар өндіретін тауарлар ұсынылған көрме павильонын аралап көрді. Содан соң Н.Назарбаев «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығы иегерлерінің дипломдарына қол қойды.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев бүгінде бизнестегі белсенділік, ізденіс пен шығармашылық күллі әлемде, әсіресе Қазақстанда бұрынғыдан да үлкен маңызға ие болып отырғанын айтты. Еліміздің алдына қойылған жаңа ауқымды міндеттер үздік әлемдік тәжірибені пайдаланудың, ең озық инновациялық жобаларды енгізудің қажеттілігін бірінші кезекке қойып отыр.

Тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасы ұлттық экономиканы жемісті дамытудың шешуші факторы болып табылады. Ол қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында ерекше мәнге ие.

Президент үкіметке мемлекеттік сатып алу шараларын өткізуде отандық тауар өндірушілерге басымдық беруді тапсырғанын атап өтті. Қазақстанда «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң мемлекеттік компанияларға қатысты қолданылмайды. Ендігі кезекте, өндірушілердің тауарлары тек сатып алынуымен шектелмейді, оларға жаңа өндірістерді ұйымдастыруға, әсіресе бұрын шет елдерден әкелінген өнімдерді өндіруде көмек көрсетілетін болады.

Осылайша, өнімді кепілді ұзақ мерзімді сатып алу қазақстандық бизнестің қаржылық тұрақтылығын қолдаудың маңызды тетігіне айналмақ. Біз бизнестің салықтық жүктемесін біртіндеп азайтуды жалғастырамыз. Алайда, халықты әлеуметтік қолдау көлемі ұлғая береді.

Сөзінің соңында президент елдегі қаржылық ахуалды тұрақтандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және озық жобаларды жүзеге асыру үшін жуық арада Ұлттық қордан (бірнеше миллиард доллар) қосымша қаржы бөлінетінін жариялады.

Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің жалпы отырысында толығырақ хабарланатын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті