Елбасы 69 жасында дүние салған бұрынғы вице-президент Ерік Асанбаевтың отбасына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы 69 жасында дүние салған бұрынғы вице-президент Ерік Асанбаевтың отбасына көңіл айтты

Елбасы 69 жасында дүние салған бұрынғы вице-президент Ерік Асанбаевтың отбасына көңіл айтты

Кеше, 22-тамызда бұрынғы вице-президент әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Ерік Асанбаев қайтыс болды. Осыған байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қайраткерінің жақындары мен туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтты,- деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметінен.

  • 23 Тамыз 2004
  • 876
Фото - Caravan.kz

Е.Асанбаев 1936-жылы Торғай облысында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің экономика факультеті мен Мәскеу қаржы институтының аспирантурасын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.

1988-жылы Е.Асанбаев Қазақ ССР-і министрлер кеңесін басқарды. 1989-жылдан бастап Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің саяси бюросының мүшесі және хатшысы болды. 1991-жылдың сәуір-қазан айлары аралығында Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің төрағасы лауазымын иемденді. 1991-жылдың қазан айында Қазақстанның вице-президенті болып сайланды. Е.Асанбаев осынау лауазымда отырған еліміздегі жалғыз саясаткер. 1995-жылғы жаңа Ата заңға сәйкес вице-президенттік лауазым жойылды. 1996-2000-жылдарда ол Қазақстан Республикаыынң Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.
Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлауынша, Е.Асанбаевты жерлеу рәсімін ұйымдастыру жөнінде арнаулы комиссия құрылып, оны ҚР мемлекеттік хатшысы Оралбай Әбдікәрімов басқаратын болды. Мемлекеттік қайраткердің жаназасын шығару және жерлеу рәсімі ертең, 24-тамызда Алматыда өтеді.

Перейти к новостям спорта