Жарияланды: 450

Елбасы 7-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумда бірқатар кездесулер өткізді

Елбасы 7-ші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумда бірқатар кездесулер өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының вице-президенті Будиономен кездесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу кезінде екі жақты іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жетінші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының күн тәртібі талқыланды. - Ең алдымен, Сізге Қазақстанға, біздің жаңа астанамызға, жетінші Ислам экономикалық форумына қош келдіңіз дегім келеді. Біз Индонезияны өзіміз үшін перспективалы серіктес, үлкен ел деп есептейміз. Сондықтан экономикалық достық және саяси қарым-қатынастар орнатуды әрдайым қалаймыз. Мен сіздердің елдеріңізге 1996 жылы жасаған сапарымды ықыласпен еске аламын. Менің алдағы уақыттағы Индонезияға жасайтын сапарым біздің қарым-қатынастарымызға жаңа серпін беретініне сенемін. Және де біздің Сізбен кездесуіміз екі елдің байланысын жандандыруға үлкен септігін тигізеді. Біз елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық, саяси қатынастар мен инвестицияны орнатып, кеңейтуді қалаймыз. Қазақстан елді индустрияландыру жөнінде үлкен жұмыстар жүргізуде. Біз индонезиялық іскер адамдарды біздің бағдарламамызға ат салуға шақырғымыз келеді, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. - Мен осында болып, Қазақстанды, әсіресе Астананы өз көзіммен көргеніме өте қуаныштымын. Мені астананың өте жақсы жоспарланғаны және дамуы қатты таңғалдырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде екі жақты ынтымақтастықты одан әрі күшейту және тереңдетуді, әсіресе сауда мен коммерция саласындағы мүмкіндіктерді талқыладық. Президент Н.Назарбаев Индонезияға бұдан 20 жыл бұрын сапармен барды, сол кезде біздің Президентіміз де Қазақстанға келген еді. Келешек ынтымақтастық үшін сенімді негіз қалаған өте маңызды құжат қабылданған болатын. Біз сондай-ақ біздің өзара тиімді достық қарым-қатынастарымыздың ілгерілеуін жеделдету мүмкіндіктерін талқыладық. Соңғы жылдары Қазақстан аймақтық және жаһандық деңгейде, әсіресе экономика, саяси және қауіпсіздік салаларында айрықша үдемелі рөл атқаруда екенін байқаймыз. Біз Қазақстанның алдында Еуропа мен Азия арасында өзара түсіністік көпірі ретінде өте маңызды рөл атқару міндеті тұрғанын көріп отырмыз. Президент кездесу кезінде Қазақстанның Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы туралы айтты. Бұл Президент айтқандай, ресурстарды ескеріп, алға ұмтылдыратын, орындалатын, өте биік міндет. Бұл дұрыс міндет. Бұл мемлекеттік экономиканың дамуындағы өте сенімді және ұзақ мерзімді міндет. Қазақстан өзінің индустриялдық-инноациялық әлеуетін дамытып, өте дұрыс қадам жасап отыр. Мен Президент Н.Назарбаевқа Индонезия осы бағдарламаға қатысуға және Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға дайын екенін айттым. Индонезия халқы мен үкіметі атынан мен Қазақстан халқын және оның Көшбасшысын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Біз сіздерді әрдайым қолдайтын боламыз демекпін, - деп атап өтті Индонезия Вице-Президенті Будионо кездесуден кейін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін