Елбасы 9-10-тамызда жұмыс сапарымен Павлодар облысында болады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы 9-10-тамызда жұмыс сапарымен Павлодар облысында болады

Елбасы 9-10-тамызда жұмыс сапарымен Павлодар облысында болады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 9-10-тамызда жұмыс сапарымен Павлодар облысында болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Тамыз 2005
  • 354
Фото - Caravan.kz

9-тамызда Н.Назарбаев Қазақстан ғылым академиясының бірінші президенті, академик Қаныш Сәтпаевтың Баянауыл ауданының орталығындағы ескерткіш мұражайын аралайды. Сол күні мемлекет басшысы Баянауыл тұрғындарымен жүздесіп, «Асыл мұра» гуманитарлық жобасы аясындағы мерекелік шараға қатысады.

10-тамызда Елбасы «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның Ақсу Жылу электр орталығында болып, энергетикалық блоктарды жаңалау бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысады. Сол күні Н.Назарбаев «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның құрылыс алаңында болады. Мемлекет басшысы осы жерде брифинг өткізеді деп межеленген.
Қазақстан президентінің сапары жоспарында сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық «Атамекен» одағының облыстық филиалының өкілдерімен, ауылдық округ әкімдерімен және ауыл кәсіпкерлерімен кездесу көзделген.
Сонымен бірге Н.Назарбаев студент құрылыс отрядтарының үшінші еңбек семестрін аяқтағалы отырған студент жастар фестиваліне қатысады. Фестиваль 10-тамызда Павлодардың орталық алаңында өтеді.

Перейти к новостям спорта