Елбасы әкімдердің алдына бала бақшалардың санын ұлғайту мәселесін шешуге тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы әкімдердің алдына бала бақшалардың санын ұлғайту мәселесін шешуге  тапсырма берді

Елбасы әкімдердің алдына бала бақшалардың санын ұлғайту мәселесін шешуге тапсырма берді

АСТАНА. 8 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев кешегі өткен интернет-конференция барысында әкімдердің алдына республикадағы бала бақшалардың санын ұлғайту мәселесін шешуге тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 8 Маусым 2007
  • 610
Фото - Caravan.kz

Интернетте сауал жолдаушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы республикада бала туу көлемі артып келе жатқанын, халықтың табиғи өсімі арта түскенін атап көрсетті. «Егер бұрындары туылған балалар саны шамамен 190 мың болса, қазір бұл көрсеткіш 300 мыңға дейін жетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш», — деп атап өтті президент.

«Бүгін сіздер бала бақшаларын көбейту мәселесін шешуге уәде берген Астана қаласының әкімінің баяндамасын тыңдадыңыздар. Бұл мәселені мен барлық әкімдердің алдына қоймақпын», — деді Елбасы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы «бала бақшаларын салу Қазақстанда маңызды мәселеге айналуы керек», деді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы бұл жұмыстарға бизнес-құрылымдарды да кірісуге шақырды. «Ірі тұрғын үй кешендерін салған кезде біз барлығын бірінші қабатта немесе қандай да бір басқа жерде автотұрақтар секілді балалар бақшасының да болуына міндеттейміз. Менің келесі сөзім барлық бизнес-құрылымдардың өкілдеріне арналады — барлық облыстарда балалар бақшаларын салу — бұл деген өте қызықты коммерциялық жобалар», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Баяғыда балалар бақшалары болған, бірақ кейіннен олар сатылып алынған», — деді Елбасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті