Елбасы: әлемдік энергетикалық ұйым құру қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: әлемдік энергетикалық ұйым құру қажет

Елбасы: әлемдік энергетикалық ұйым құру қажет

Әлемдегі энергетикалық ресурстардың барлық түрін игеру және бөлу ісін үйлестіріп отыратын, ғылыми зерттеулер жүргізетін әлемдік энергетикалық ұйым құру керек.

  • 20 Маусым 2011
  • 518
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Петербор форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде осындай ұсыныс жасады.

«Бүгінде бүкіл әлем энергетикалық қауіпсіздіктің жаңа ығыттарымен кездесіп отыр. Халқының саны 1 миллиардқа жуықтайтын дамыған елдер, қалған әлемге қарағанда энергия ресурсын екі есеге дерлік көп тұтынады», — деді Президент өз сөзінде.

Мемлекет басшысы келешекте шикізат ресурстары үшін күрестің тек күшейе түсетінін, ал оның соңы әлемдегі ахуалды әрі қарай ушықтыра түсуі мүмкін екенін атап көрсетті. Ал Халықаралық энергетикалық агенттік, Н.Назарбаевтың айтуынша, іс жүзінде энергоресурстарды импорттаушы елдердің мұнай мен газ көлемін қайта бөлудегі мүдделерін ғана қорғап, солардың сөзін сөйлеп отыр.

Соңғы жаңалықтар