«Стратегиялық жоспар бойынша біз әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес ұйымдарға беру дұрыс деп санаймыз»,- деді Елбасы. Н.Назарбаевтың пайымдауынша, үкіметтік емес ұйымдардың артықшылығы «олардың артықша мобильділігі мен жұмысының нақты бір бағыттылығында болмақ» .
Сондай-ақ, мемлекет басшысы «үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қоғамдық маңызды шешімдер қабылдауда сарапшылық жұмысқа кең көлемде тарту қажет » деген пікірде.
«Азаматтық қоғам институтының ықпалы жүрмейтін жерде сыбайлас жемқорлық және бюрократизм тәрізді құбылыстармен күрестің тиімділігі едәуір төмен болмақ»,- деп мәлімдеді Елбасы.