Елбасы әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес ұйымдарға беру дұрыс деген пікірде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес ұйымдарға беру дұрыс деген пікірде

Елбасы әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес ұйымдарға беру дұрыс деген пікірде

Елбасы әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес ұйымдарға беру дұрыс деген пікірде. Бұл туралы бүгін, 15-қазанда Астанада Азаматтық форумда сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 15 Қазан 2003
  • 689
Фото - Caravan.kz

«Стратегиялық жоспар бойынша біз әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мемлекеттік функцияларды үкіметтік емес ұйымдарға беру дұрыс деп санаймыз»,- деді Елбасы. Н.Назарбаевтың пайымдауынша, үкіметтік емес ұйымдардың артықшылығы «олардың артықша мобильділігі мен жұмысының нақты бір бағыттылығында болмақ» .

Сондай-ақ, мемлекет басшысы «үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қоғамдық маңызды шешімдер қабылдауда сарапшылық жұмысқа кең көлемде тарту қажет » деген пікірде.
«Азаматтық қоғам институтының ықпалы жүрмейтін жерде сыбайлас жемқорлық және бюрократизм тәрізді құбылыстармен күрестің тиімділігі едәуір төмен болмақ»,- деп мәлімдеді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар