Елбасы Алматы басшылығына қаланы дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Алматы басшылығына қаланы дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді

Елбасы Алматы басшылығына қаланы дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді

Бүгін, 7-сәуірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының басшылығымен кездесті. Алматы әкімі мен қаланың барлық аудандарының әкімдері мемлекет басшысына 2003-жылғы және 2004-жылдың бірінші тоқсанында тындырылған жұмыстар жайында есеп берді. Кездесуден кейін журналистерге арналған қысқаша баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов президент тарапынан қала басшылығының алдына қойған міндеттер туралы мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Сәуiр 2004
  • 669
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Елбасы қоғамдағы тұрақтылықты, саяси және азаматтық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты сақтауда, қаланың сыртқы болмыс-бітімін одан әрі көркейтуде Алматы басшылығы тарапынан тындырылған нақты істерді атап өтті.

Мемлекет басшысы қаладағы автокөлік магистральдары мен жол тораптарын дамыту, Алматының метро құрылысын салып бітіруге және бір рельсті жолды салуға инвесторлар тарту туралы міндеттер қойды. Сондай-ақ, Н.Назарбаев Алматы әкімшілігіне Алматы облысының басшылығымен бірлесе отырып Алматы сыртындағы айналма жолды салу мәселесін шешуді тапсырды.
Елбасы бұған қоса қаладағы ауа тазалығын жақсартуға күрделі шаралар қолдану жөнінде тапсырме берді.
В.Храпунов әкімшіліктің қазір осы бағытта тындырып жатқан іс-шаралары «қаладағы экологиялық ахуалды сауықтыруға» жуық арада мүмкіндік береді дегенге сенім білдірді.
Елбасы әкімшілікке қаланы көгалдандыру шарасына атсалысуға шақырып, Алматының саябақтары мен гүлбақтарын тәртіпке келтіруге тапсырма берді. «Бұған дейін бақша-қала атанған Алматының сол атауға лайықты болмыс-бітімі мен көркін сақтап қалуды, қаланың мәртебесін түсірмеуді» мемлекет басшысы шегелеп тапсырды.
Алматы әкімінің айтуынша, «қаланың тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқаны туралы» мемлекет басшысына есеп берілген. В.Храпуновтың айтуынша, «соңғы бес жылда қала экономикасы тұрақты дамып келеді», әрі 2004-жылдың бірінші тоқсаны да бұған дейінгі ағымның сақталып отырғанын дәлелдей түсті.
Алматы әкімінің өзгеру мүмкіндігі туралы халық арасында таралған дақпыртқа түсініктеме берген В.Храпунов өзінің «мемлекет басшысының құрамасындағы адам» екенін атап өтті. Кез-келген мемлекет қайраткерінің «жұмыс тәжірибесі мен әлеуеті қандай» дегенді Елбасы жақсы біледі, «осыған сәйкес маманды қай жерде, қандай жұмысқа жегемін дегенді мемлекет басшысының өзі шешеді», деді ол.
«Егер Елбасы Алматыда жұмыс істейсің десе, біз осында істейміз, егер Елбасы басқа аймаққа немесе басқа мекемеге бар десе, біз сол Елбасы көрсеткен жерге барып, иемденген лауазымға сәйкес жүктелген міндеттерді орындауға бар күшімізді саламыз»,- деді В.Храпунов.

Соңғы жаңалықтар