Елбасы Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесіп, "Қазақстан қағазы" жабық акционерлік қоғамында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесіп,  "Қазақстан қағазы" жабық акционерлік қоғамында болды

Елбасы Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесіп, "Қазақстан қағазы" жабық акционерлік қоғамында болды

АЛМАТЫ. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні Қаскелең қаласының орталық алаңында аудан тұрғындарымен кездесті.

  • 18 Қыркүйек 2006
  • 744
Фото - Caravan.kz

Елбасы өз сөзінде былай деді: «бүгінгі күні бүкіл Қазақстан тәрізді Қаскелең де белсенді түрде дамып келеді. Аудан осы өңірде шығарылатын өнімнің 10 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан соңғы жалдары қол жеткізген табыстар бірінші кезекте елдегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен бірліктің арқасында мүмкін болып отыр. Біздің еліміздің экономикасы артқан сайын халықтың да тұрмысы жақсара бермек. Біз бүгінгі күні алдымызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде асқақ мақсат қойып отырмыз. Осы қиын міндетті іске асыруда баршамыз көп жұмыс атқаруымыз керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Қаскелең тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Райымбек кентіндегі ипподромда өткен ат жарысын тамашалады.

Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданындағы «Қазақстан қағазы» жабық акционерлік қоғамында болды.

Онда президент қағаз бен гофрокартон шығаратын цехтарды аралап көрді.

«Қазақстан қағазы» ЖАҚ 2001 жылы импорт алмастыру мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қағаз бен гофрокартон шығаратын комбинат құрылысының жобасын іске асыру мақсатында құрылған болатын.

Қазіргі кезде комбинат Қазақстан мен Орталық Азиядағы аса ірі қағаз және картон өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады.

«Қазақстан қағазы» жабық акционерлік қоғамының облигациялары қазақстандық қор биржасы «А» категориясының KASE құнды қағаздар тізіміне енгізілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта