Президент аурухананың ультрадыбыстық диагностика және компьютерлік томография кабинеттерінің жұмысымен танысты. Аурухананы аралап шыққан соң мемлекет басшысы Алматылық дәрігерлер қауымымен жүздесті.
Алматы қаласындағы орталық клиникалық аурухана 1970-жылы пайдалануға берілген. Аурухана 600 төсекке есептелген. Оның жанындағы емхана бәр тәулікте 250 адамды қабылдай алады. Қазір аурухананың стационар бөлімінде 430 бюджеттік және 240 ақылы орындар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті