Елбасы "Амангелді" газ конденсаты кенішінің бірінші кезегін іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы "Амангелді" газ конденсаты кенішінің бірінші кезегін іске қосты

Елбасы "Амангелді" газ конденсаты кенішінің бірінші кезегін іске қосты

Бүгін, 23-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Амангелді" газ конденсаты кенішінің бірінші кезегін іске қосып, Қазақстанның газ тасымалы жүйесіне көгілдір отын жіберді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Жамбыл облысынан.

  • 23 Қазан 2003
  • 905
Фото - Caravan.kz

Газ кенішін салтанатты іске қосу рәсімі Тараз қаласынан 15 шақырымда Амангелді-Тараз газ құбыры мен Ташкент-Бішкек-Алматы газ тасымалы жүйелерінің түйіліскен тұсында өтті.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген мемлекет басшысы бүгіннен бастап Қазақстанның оңтүстік аймақтары Өзбекстан газына тәуелділіктен құтылды деп мәлімдеді. Н.Назарбаев аталмыш нысанда жұмыс істеген барша жұмысшыларға ризашылық білдіріп, құттықтады. «Кенішті игеруге және газ құбырын салуға атсалысқан барлық мамандарға мың да бір алғыс, үлкен іс тындырылды»,- деп атап көрсетті Елбасы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Амангелді » кенішіндегі газдың бекітілген геологиялық қоры 25 млрд. текше метрді, ал конденсат қоры 2,156 млрд. текше метрді құрайды. Кеніштегі жұмыстарды «ҚазТрансГаз» ЖАҚ жүзеге асыруда. Жоба бойынша, газ конденсаты кенішін игеруге 131 млн. доллар, соның ішінде 51 млн. долларды республикалық бюджеттен, 80 млн. долларды сыртқы инвестициядан жұмсау көзделген. 2001-2003-жылдарда республикалық бюджеттен бөлінген 51 млн. доллар толықтай игерілді.
«ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда кеніште 5 ұңғы бұрғыланып, пайдалануға дайын болды. Сондай-ақ, газ жинау және оны әзірлеуге бағытталған орталық қондырғы құрастырылып, пайдалануға беруге дайын жағдайға келтірілді. «Амангелді » газ конденсаты кенішін негізгі магистральдық газ құбырымен қосатын 193 шақырымдық газ құбыры тартылды.

Соңғы жаңалықтар