Елбасы АӨК-те Ұлттық ғылыми кеңес құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы АӨК-те Ұлттық ғылыми кеңес құруды ұсынды

Елбасы АӨК-те Ұлттық ғылыми кеңес құруды ұсынды

Астықты өңір әкімдерімен кеңес өткізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешенінде Ұлттық ғылыми кеңес құруды ұсынды.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 442
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы өз сөзінде ауыл шаруашылығындағы ғылымның жай-күйі мүшкіл екендігін еске салып өтті.

«АӨК-те Ұлттық ғылыми кеңес құру қажет. Тікелей қаржыландырудың орнына ғылыми зерттеуге арналған бизнес қоғамдастықтардың шығындарын субсидиялауға көшу керек», — деді Елбасы.

ҚР Президенті ғылым мен кадрларды дайындауды біріктіретін бірыңғай ғылыми-білім беру орталықтарын құру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.


«Үш аграрлық ЖОО-ны біріктіру, кадрларды дайындау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндеті тұр», — деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар