Елбасы ақпан айының басында ресми сапармен Украинада болады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы ақпан айының басында ресми сапармен Украинада болады

Елбасы ақпан айының басында ресми сапармен Украинада болады

АСТАНА. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Осы жылдың 1-2-қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Украинада болады. Бұл сапар 2007-жылға межеленген Украинадағы Қазақстан жылын бастауға жол ашпақ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Қазинвест" ЖШС-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2007
  • 334
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының сапары аясында 2-ақпанда «Қазақстан-Украина: бизнеске жаңаша мүмкіндіктер» атты бизнес-форум өткізіледі. Бас қосудың басты мақсаты — екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасында байланыс орнату арқылы екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастқты күшейту.

Форумға Украина экономикасының түрлі салаларындағы (мұнай және газ, құрылыс, банктер, азық-түлік өнеркәсібі, туризм т.б) ірі және орта бизнес өкілдері қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта