Н.Назарбаев терминалдың насосты станциясынан танкерге алғашқы мұнайды салтанатты түрде айдады.
«1999-жылы біз Каспий теңізіндегі таңдаулыға саналған Ақтау теңіз айлағының ашылуына қуанған болсақ, бүгін Қазақстан кемелерге иелік ете бастаған тарихи дерекке куәгер болдық»,- деді Н.Назарбаев. Осыған байланысты терминалдың жұмысын президент «тек облыс қана емес, сонымен бірге бүтін ел экономикасы үшін өзекті» деп атады.
Мұнай және мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және тасымалдауға, сонымен бірге арықарай оларды Mobilex Energy Limited ЖШС-нің өнеркәсіптік аймағы аумағында орналасқан №4, 5, 8 және 11 причалдарға шығаруға арналған мұнай терминалының құрылысы 2004-жылғы желтоқсанда аяқталды. Бұл жобаға 40 млн. АҚШ доллары жұмсалды.
Терминалда бір уақытта 60 мың текше метр мұнай сақтауға болады. Онда көлемі 10 мың текше метрді құрайтын вертикалды 4 және көлемі 5 мың текше метрді құрайтын 4 резервуар бар.
Мұнай және мұнай өнімдерін құйып алу үшін бір уақытта 120 темір жол цистернасын босатып алуға есептелген екі эстакада құрастырылған. Терминалдың өндірістік қуаты тәулігіне жалпы көлемі 39 мың 600 тоннаны құрайтын 720 темір жол цистернасын босатып алуға жетеді.
Mobilex Energy Limited ЖШС-нің президенті Давид Варагянның хабарлауынша, «қазір терминал күн сайын 720, айына 1400 тонна мұнай және мұнай өнімдерін өткізе алады».
Қазіргі жағдаймен терминалдың жылдық өнімділігі 14 млн. 256 мың тоннаны құрайды, деді ЖШС президенті. Болашақта терминалдың көлемін 160 мың текше метрге жеткізуге , резервуарлар санын арттыруға, сондай-ақ, темір жол эстакадасының санын 60 цистернаға жеткізуге, мұнай және мұнай өнімдерін айлаққа тасымалдау үшін қосымша насосты станцияны салуға, айлаққа дейін екі мұнай құбырын тартуға жоспарлар жасалған. Нәтижесінде терминалдың өнімділігі 2 есе өседі, деді Д.Варагян.