Елбасы Ақтаулық мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ақтаулық мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Елбасы Ақтаулық мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтады

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 24-мамырда Ақтау мектептерін бітіргелі отырған 3 мыңдай түлектер үшін соңғы қоңырауды соқты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Мамыр 2005
  • 1418
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Ақтаулық мектеп түлектерін оқу жылының аяқталуымен құттықтап, оларға мол табыс пен еңбексүйгіштік тіледі. «Сендерге бүгін өмір шексіз дүниедей сезілетіні анық. Шын мәнінде уақыт оқтан да жүйрік. Сондықтан өз жастық шақтарыңды босқа ысырап қылмаңдар»,- деді Н.Назарбаев.

Түлектер алдында сөз сөйлеген Елбасы алдағы жылдары индустриялық-инновациялық даму старегиясының сұраныстарына сәйкес білім игеруге арналған гранттар мен несиелер саны жыл сайын өсіп отыратынын жеткізді.
Елбасы бұдан кейін бір түлекпен вальс биледі.
Облыстық білім беру департаментінің мәліметіне жүгінсек , 2004-2005-жылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысында 11-сынып бітірген 6 295 түлектен 7 адам ғана «Алтын белгімен» оқуды аяқтаса, мектепті өте жақсы бітірген 55 бала бар.
2004-2005-жылғы оқу жылының қорытындысы бойынша облыста күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік 106, жеке меншік 7 орта мектеп бар. Оларда тиісінше 86801 және 980 бала оқиды. Мемлекеттік мектептердегі оқу үлгерімі 97,9 процентті, сапасы -35 процентті, ал мемлекеттік емес мектептердегі бұл көрсеткіштер тиісінше 97,1 және 43,8 процентті құрайды.
2005-жылы облыста 5 оқушы түрлі пәндерден республикалық олимпиаданың жүлделі орындарына ие босла, 3 оқушы ғылыми жобалардың республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Мектеп түлектерінен 5191 адам бірыңғай ұлттық тестілеу емтиханына қатысса, қалғандары қорытынды аттестациялық сынақты бұрынғыдай тапсырмақшы.
2004-жылы бірыңғай ұлттық тестілеу емтиханына қатысқан 5508 оқушының 7,5 проценті немесе 418 бала грант немесе несиеге ие болды.

Перейти к новостям спорта