Жаңа өндіріске жоғары баға берген Елбасы «мұндай өнімдерге елімізде сұраныс жоғары» екенін атап өтті. Елімізде осы тектес жоғары технологиялық өндірістерді дамыту қажет, деді президент.
Елбасы кәсіпорында қолданылатын технологиялармен танысып, ұжыммен кездесті. Кездесу барысында Н.Назарбаев күрделі технологиялық функцияларды атқарып үйренген отандық жұмысшылардың кәсіби шеберлігіне риза болды.
Бұл зауытты «Хобас Пайпс Казахстан»ЖШС «Қазақстан Даму банкі» АҚ мен АТФ Банктің несиесіне салды. Жобаның жалпы құны 16,1 млн. евроны құрайды, соның ішінде Қазақстан Даму банкі 14,7 млн. евроны 8 жыл мерзімге бөлді. Қазақстан Даму банкінің қаржысы құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алуға, сондай-ақ, құрылыс-монтаж жұмыстарына жұмсалады.
«Хобас Пайпс Казахстан»ЖШС диаметрі 200-1400 мм аралығындаы 190 шақырым құбыр өндіру қуатына ие. Зауыт өнімдері ел ішінде сатылады. «Хобас Пайпс Казахстан» кәсіпорнында HOBAS ENGINEERING компаниясының дербес лицензиясы бойынша полиэфирден әйнекті талшықтармен нығайтылған құбырларды центрифугада балқыта құю технологиясы қолданылады.
Жаңа өндірістің жылдық қуаты осындай өнімге деген ішкі сұранысты 12-13 процентке қамтамасыз етумен бірге оны шетелдерге де шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жобаны жүзеге асыру аймақтағы халықты жұмыспен қамту жағдайына да оңды әсерін тигізбек. Жобаны жүзеге асыру мерзімінде бюджетке 15 млн. доллардың түсімдері құйылады.