Елбасы Ашхабадта шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Ашхабадта шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Елбасы Ашхабадта шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

АШХАБАД. 15-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ашғабадта ел Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Түрікменстанға келген шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

  • 15 Ақпан 2007
  • 431
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Виктор Ющенкомен және Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездесті. Кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланып, ТМД кеңістігіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан басшысы мен Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоганның кездесуі кезінде экономикалық проблемалар негізгі әңгіме арқауы болды. Атап айтқанда, Каспий өңірінен көмірсутегін тасымалдау мәселелері қозғалды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ричард Баучермен кездесті, оның барысында екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ өңірдегі ахуал мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Түрікменстандағы ахуалға қатысты тараптар бұл елдің одан әрі ашықтық және өңірлік ынтымақтастық жолымен дамуының маңызын атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан президентінің өткен жылдың күзінде АҚШ-қа жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі жүзеге асыру мақсатында жуырда Қазақстанға бірқатар американдық делегациялардың келетіні аталып өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті