Елбасы: Астана мен Бейжің энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Астана мен Бейжің энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығады

Елбасы: Астана мен Бейжің энергетика саласындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығады

ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту туралы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен декларациясына қол қойды.

  • 13 Маусым 2011
  • 576
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ҚР Ұлттық банкі және ҚХР Халық банкі арасындағы Қазақстан теңгесі мен Қытай юанын алмастыру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықпақшы. Осыған байланысты елбасы Нұрсұлтан Назарбае пен Ху Цзиньтао декларацияға қол қояды.

«Энергетика саласындағы брлескен жобаларды іске асырудың стратегиялық мәні: «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының екінші кезегінің құрылысын бастау, «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының қуатын арттыру, мұнайөңдеу зауыттары мен Мойнақ ГЭС-інің қуатын арттыру. Мұның барлығы қол қоюға дайындылап қойған декларацияда көрсетілген. Және біз ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығып отырмыз», — деді елбасы ҚХР басшысы Ху Цзиньтаомен дүйсенбі күні кеңейтілген құрамда өткізген кездесу барысында.

Одан басқа, президенттің айтуынша, бүгіндері екіжақты стратегиялық серіктестік туралы жарияланбақшы.

Н. Назарбаев Қытайдың 2010-шы жыл қорытындысында Қазақстанның белді экономикалық және инвестициялық серіктесі болғанын еске салды. Екіжақты сауда көлемі $27 млрд шегінен асып, Қазақстанның экспортында бірінші орынға шықты.

Сондай-ақ президент шикізаттық емес секторларда да ынтымақтастықты атап өтті. Оның ішінде битум және алюмини зауыттарының құрылысын айтты.

Н. Назарбаевтың айтуынша, 2011-ші жыл Қазақстан үшін де, Қытай үшін де нышанды жыл болып тұр

«Бұл жыл біз үшін өте маңызды, себебі биыл ШЫҰ-ға 10 жыл, Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл және Қытай коммунистік партиясына 90 жыл», — деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ху Цзиньтао жылы қабылдағаны үшін Н. Назарбаевқа алғысын білдірді. Ол саяси тұрақтылық пен әлеуметтік сектордағы дамудың тұрақтылығын атап өтті.

«Дос көрші, стратегиялық серіктес ретінде Қытай сіздердің жетістіктеріңізге шын ниеттен қуанады. Мен сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқы мен үкіметі мемлекеттілікті нығайту ісінде бұдан да зор, жарқын табыстарға жете беретініне үлкен сенімдемін», — деді ол.

Ұзындығы 1475 км болатын (диаметрі 1016 мм) Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының құрылысы 2010-шы жылы желтоқсанда басталды. Оны аяқтау 2013-ші жылға жоспарланған. Оның құны $3,6 млрд деп бағаланып отыр. 2013-ші жылға дейін магистральдық газ құбырының болжанған қуаты жылына 5 млрд текше метр газ тасымалдауға есептелген. 2013-ші жылдан кейін оның көлемін жылына 10 млрд текше метрге дейін жеткізу қарастырылған.

Жоба Батыс Қазақстан кеніштерінен, оның ішінде Каспий шельфіндегі газды еліміздің оңтүстігіндегі Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарына жеткізу және Қазақстан-Қытай газ құбырымен экспортқа шығаруға есептелген.

Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан Үкіметі мен халқы өзінің мемлекеттілігін нығайту, ұлттық өрлеу ісінде бұдан да зор жарқын табыстарға қол жеткізеді,

деді бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында Астанаға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао.

Ағымдағы жылы Қазақ елі тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтетіндігін айтқан ҚХР Төрағасы: «Осы жылдары Сіздің данагөй басшылығыңызбен Қазақстан дамудың даңғыл жолына түсті. Сіздің еліңізде саяси тұрақтылық сақталып, әлеуметтік сала даму үстінде», — деді. Оның пайымынша, жылдан-жылға Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі нығая түсуде.

«Мен Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан Үкіметі мен халқы өзінің мемлекеттілігін нығайту, ұлттық өрлеу ісінде бұдан да айтарлықтай зор жарқын табыстарға қол жеткізеді деп сенемін»,-деді ҚХР Төрағасы.

Сондай-ақ ҚХР Төрағасы өз сөзінде дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 20 жылдың ішінде екі мемлекет арасындағы шекара мәселесі түбегейлі шешіліп, бірлескен ынтымақтастықтың стратегиясы әзірленгенін айтты.

Соңғы жаңалықтар