Жарияланды: 550

Елбасы: Астана төңірегінің енді флорасын қалыптастыруымыз керек

Елбасы: Астана төңірегінің енді флорасын қалыптастыруымыз керек

Астана төңірегінің фаунасын қалыптастырдық, енді флорасын қалыптастыруымыз керек. Бұл туралы бүгін Астананың жасыл белдеуін құрайтын орман алқабын тікұшақпен қарап шыққаннан кейін БАҚ өкілдерімен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Орман алқабында арнайы орнатылған аумақты дамыту жоспарымен жіті танысқаннан кейін Мемлекет басшысы осында 50 қырғауыл мен 5 елікті жіберу сәтін тамашалады. Осыдан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Елбасы бұл шараның орман ішінде экожүйе қалыптасыру үшін жасалып отырғандығын баса айтты. «Осы жерде Астана халқының велосипедпен келіп, демалатын орындар да бар. Сондықтан біздің қаламыздың өзі ғана әдемі емес, төңірегінде орманы да өсіп келе жатыр», - деді Президент. Сондай-ақ 1997 жылдан бастап Астана төңірегінде 55 мың гектар жерде ағаш егілгендігін, Бурабай бағытындағы жол жиегі де жасыл желекке оранғандығын айта келе: «Бұл болашаққа, жастарымызға, Қазақстанның болашағына деген қазіргі ұрпақтың сыйы», -деді. Айта кетейік, Астананың жасыл белдеуі аумағындағы ұзақтығы 2 шақырымды құрайтын велосипед жолын қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы салды. Болашақта бұл жолды ұзарту есебінен демалыс аймағын 12 шақырымға ұлғайту көзделуде. Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен VII Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының нәтижесін жоғары бағалады. Бұл пікірін Елбасы бүгін Астананың жасыл белдеуін құрайтын орман алқабын тікұшақпен қарап шыққаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты. Форум барысында көптеген мәселелер талқыланғанына тоқталған Елбасы: «Біріншіден, исламдық ынтымақтастық бойынша менің ұсыныстарым қабылданды»,-деп атап өтті. Сонымен қатар Президет Ислам мемлекеттерінің қаржылық деңгейі жақсы қамтылғанын айта келе, осы орайда Қазақстанға исламдық қаржыландыру тетігін дамыту керектігін баса айтты. «Көптеген елдер, мәселен Малайзия жыл сайын ондаған миллиард АҚШ долларын өздерінің дамуына алып отырады. Сондай-ақ біз де исламдық банктерді дамыта отырып, осыны пайдалана аламыз. Яғни, бұл қаржылық өнім Қазақстанда жұмыс істей алады»,-деді Президент. Елбасының сөзіне қарағанда, VII Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында көптеген отандық компаниялар шетелдік кәсіпорындармен ынтамақтастық жөнінде өзара келісті. Бұл тұрғыда Н. Назарбаев Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының өткізілуі нәтижесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін