Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, салтанатты ашылу рәсімінен кейін 30 автокөліктен құралған керуен тас жолмен сапарға шығады. Автокеруенді ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов басқарады.
Ұзындығы 1224 шақырымды құрайтын Астана-Алматы тас жолы еліміздің төрт облысының аумағы арқылы өтеді. Автотрассаның Қарағанды облысындағы ұзындығы 652 шақырым. Бұл жолды жөндеу және оңалту жұмыстары 1997-жылы басталған.
Бүгін кешке автокеруен Қарағандыға жетіп, көлік және коммуникация министрі қысқаша баспасөз мәслихатын өткізеді деп күтілуде.