Елбасы Астана-Алматы тас жолының ашылу рәсіміне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Астана-Алматы тас жолының ашылу рәсіміне қатысады

Елбасы Астана-Алматы тас жолының ашылу рәсіміне қатысады

Бүгін, 13-қазанда Астанада Астана-Алматы тас жолының салтанатты ашулы рәсімі өтеді. Шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде.

  • 13 Қазан 2003
  • 659
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, салтанатты ашылу рәсімінен кейін 30 автокөліктен құралған керуен тас жолмен сапарға шығады. Автокеруенді ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағманов басқарады.

Ұзындығы 1224 шақырымды құрайтын Астана-Алматы тас жолы еліміздің төрт облысының аумағы арқылы өтеді. Автотрассаның Қарағанды облысындағы ұзындығы 652 шақырым. Бұл жолды жөндеу және оңалту жұмыстары 1997-жылы басталған.
Бүгін кешке автокеруен Қарағандыға жетіп, көлік және коммуникация министрі қысқаша баспасөз мәслихатын өткізеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар