Елбасы: Астанадағы үлескерлер мәселесі биылғы жыл соңына дейін шешіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Астанадағы үлескерлер мәселесі биылғы жыл соңына дейін шешіледі

Елбасы: Астанадағы үлескерлер мәселесі биылғы жыл соңына дейін шешіледі

Президент Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні Астанадағы «Жаңа құрылыс» компаниясының проблемалы үлескерлік нысандарын аралады, деп мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 28 Маусым 2011
  • 533
Фото - Caravan.kz


«Үлескерлер тиісті баспанасына қол жеткізеді, Астана жыл соңына дейін оларды үймен қамтамасыз етеді. Ақшасын толық төлемегендер әрине, төлейді. Ал, төлегендер заңды пәтеріне ие болады. Мемлекет тағы да қол ұшын беріп отыр. Тек, алдағы уақытта мұндай қармақтарға ілінбеу жағын ойластыру керек», — деді ол нысандарды аралап болғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, компанияға тиесілі нысандардың бірі — «Гранд Астана» тұрғын үй кешенінде монтаж-құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазір үйдің аумағын абаттандыру шаралары жүріп жатыр. Бұл кешенді осы жылдың 4-ші тоқсанында пайдалануға тапсыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, елбасы кеше Астананың сол жақ жағалауындағы «BI Village» тұрғын үй массиві құрылысымее танысты. 8,5 гектар алқапты алып жатқан тұрғын үй кешенінде 94 коттедж, теннис корттары, балалар мен спорт алаңдары салынған. Н.Назарбаев ондағы үйлердің біріне кіріп, тұрғындармен сөйлесті, делінген хабарламада.
«Келешектегі жер үйлер осындай болады деп ойлаймын. Әркім қалауынша жамап-жасқап, қаланың көркін бұзбауы тиіс. Онда біз өзіміз бұзып, қайта салған Целиноградқа қайтып ораламыз. Біркелкі архитектура, яғни бірдей тәртіп болуы керек», — деді Н.Назарбаев.
Президент болашақта жеке тұрғын үй құрылысында дәл осындай архитектуралы тәсілдер пайдаланылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар