Жарияланды: 510

Елбасы Астанадағы жаңа сорғы-сүзгі стансасының жұмысымен танысты

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының жаңа сорғы-сүзгі стансасында болып, оның жұмысымен танысты.

Тәулігіне 100 мың текше метр су тазалайтын станса әлі де жұмыс істеп тұрған және тәулігіне 200 мың текше метр су тазалайтын ескі стансаның жанынан салынып отыр. «Астана су арнасы» мекемесінің бас директоры Уәлихан Досаевтың айтуынша, жаңа станса заманауи технологиялармен жарақталған және ТМД аумағында әзірге оның баламасы жоқ. «Сорғы стансасы зертханамен де жабдықталған, енді судың сапасы күшейтілген режимде бақыланатын болады», деп атап көрсетті У.Досаев өз сөзінде.- Нысан 4,5 жыл салынды, ал жобаның жалпы құны - 60 млрд. теңгені шамалады. Астана қаласының ауызсуға деген тәуліктік сұранысы 180-200 мың текше метрді құрайды. Елбасы бүгін тағы бірқатар жол құрылысы және мәдени нысандарды аралайды деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть