Елбасы Астанадағы жаңа тұрғын үй ауданын аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Астанадағы жаңа тұрғын үй ауданын аралады

Елбасы Астанадағы жаңа тұрғын үй ауданын аралады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні кешке Астанадағы 94 коттеджі бар жаңа тұрғын үй ауданын аралап көрді.

  • 27 Маусым 2011
  • 725
Фото - Caravan.kz

«Болашақта мен жеке тұрғын үй құрылысын дәл осылай елестетемін», — деді Н.Назарбаев дүйсенбі күні тұрғын үй массивін аралап көрген соң.

Президенттің пікірінше, жеке тұрғын үй құрылысы «әркім әрқалай жасап, бүлдіріп алды» дегендей жүргізілмеуге тиіс. «Олай болса, біз бұрын болған және бұзылған Целиноградқа ораламыз», — деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, тұрғын үй ауданының құрылысы кезінде біркелкі архитектура қолданылуға тиіс.

«Біркелкілік дұрыс болып, түсі бірдей болып, көгалдандырылып, үйдің айналасында бақша болуға типіс», — деді мемлекет басшысы.

«Болашақта жеке тұрғын үй құрылысы үшін біз осындай шаралар қолданамыз: әр үйдің қасында биік қоршау емес, оның (қожайынның — ҚазТАГ) ол жерде не жасырып тұрғаны белгісіз, мына жердегідей әдемі болатындай», — деп нақтылады ол.

«Бүгін біз «BI Vilage» алғашқы коттедж қалашығын ашып отырмыз, 80,5 га, 94 коттедж. Бұл үйдің бірінші кезегі», — деп мәлім етті «BI Vilage» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев дүйсенбі күні журналистерге.

Оның айтуынша, коттедж қалашығының құрылысы кезінде коттедждер қаладан алыс емес, сол жағалауда және қоршаулары биік болмайтындай ойластырылды.

«Адамдар өздерін биік қоршаумен емес, жақсы көршілермен қоршайтындай», — деді ол.

Оның мәліметтеріне сәйкес, тұрғын үй ауданында осындай 8 елді мекен орналасып, 100 га аумақты алады. Барлығы 700 коттедж салынады.

«Бірінші кезек коттедждердің аумағы 160-300 ш. метрді құрайды. Келесі елді мекендердегі коттедждердің аумағы 135 ш. метрден басталады», — деді А.Рахымбаев.

Оның нақтылауынша, тапсырылған бірінші кезек коттедждерінің бағасы «демократиялық мәнге ие: шаршы метрі үшін 1150 – 1350 доллар».

Оның айтуынша, бұл кенттегі 94 коттедж сатылған.

Компанияның мәліметінше, құрылыстың жалпы бюджеті Т60 млрд, бірінші кенттің құрылысына Т3,5 млрд жұмсалды.