Елбасы астаналық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының плей-офф сериясындағы ойынын тамашалады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы астаналық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының плей-офф сериясындағы ойынын тамашалады

Елбасы астаналық «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының плей-офф сериясындағы ойынын тамашалады

Кеше кешқұрым Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы плей-офф сериясы бойынша елордадағы «Қазақстан» спорт сарайының мұз айдынында өткен ойында астаналық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлург» командасынан басым түсті.

  • 5 Наурыз 2012
  • 445
Фото - Caravan.kz

Ойын нәтижесі бойынша астаналықтар қарсыластарын 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Атап айтқанда, қазақстандық хоккей командасының ҚХЛ-дағы осы маңызды әрі шешуші бұл ойынын жанкүйерлермен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өткен аптада плей-офф сериясы тұрғысында екі ойынды қатарынан қарсыластар Магнитогорскіде өткізген болатын. Бірінші матчта магнитогорлықтар басым түссе, екінші күнгі кездесуде олар астаналықтарға жол берді.

Енді кешегі үшінші ойын нәтижесі бойынша «Барыс» хоккейшілері «Металлургтен» ҚХЛ-дың плей-офф тартысы сериясындағы есепте 2:1 болып алда келе жатыр.

Айта кетейік, қос команданың төртінші тартысты додасы бүгін елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера