Елбасы астаналықтар үшін жаңа жағажай салудың қажеттігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы астаналықтар үшін жаңа жағажай салудың қажеттігін айтты

Елбасы астаналықтар үшін жаңа жағажай салудың қажеттігін айтты

Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті қабылдады, деп хабарлайды  ақорда.кз. Кезд

  • 28 Маусым 2017
  • 233
Фото - Caravan.kz

Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевті қабылдады, деп хабарлайды  ақорда.кз.

Кездесуде су ресурстарын дамыту және ауылдық жерлердің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Астананы және өзге де өңірлерді су деңгейінің көтерілуі мен су тасқынынан қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін жобаларды іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

– Судың көптігі су деңгейінің көтерілу қаупін тудырады. Бір жағынан, оны ұтымды, әсіресе ауыл шаруашылығында пайдалануға болады. Осыған орай әр елді-мекенде шағын су қоймаларын салуды қамтамасыз ету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентіне бөгеттердің қазіргі жағдайы және су деңгейінің көтерілуі мен су тасқыны болуы мүмкін өңірлерде жаңа су қоймаларын салу перспективалары жөнінде мәлімет берілді.


Сондай-ақ, Елбасы Астана маңындағы су қоймалары мен көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты.

– Кеңбидайық су қоймасы қалаға жақын орналасқан. Бұл жер елорда тұрғындары демалатын орындардың біріне айналуға тиіс. Онда жағажай жасап, демалыс орындарын салу керек, – деді Мемлекет басшысы.