Елбасы Астананың көшелерінде жүргізіліп жатқан қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Астананың көшелерінде жүргізіліп жатқан қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты

Елбасы Астананың көшелерінде жүргізіліп жатқан қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Жеңіс даңғылының бойында Гете көшесі мен Әлия Молдағұлова атындағы көшенің аралығындағы учаскеде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

  • 2 Маусым 2011
  • 326
Фото - Caravan.kz

Жеңіс даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары соңғы рет 2001 жылы жүргізілген болатын, бірақ инженерлік желілердегі көптеген апатты жағдайларға байланысты, оның жол төсемі бірнеше рет аршылған еді. Осыған орай, ағымдағы жылы тас жолды тек күрделі жөндеуден өткізіп қана қоймай, оның астындағы коммуникациялардың бәрін — жылу құбырларын, су құбырлары мен кәріз желілерін түбегейлі ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы елордада 100 шақырымнан астам жол төселеді және жөндеуден өткізіледі. Оған қоса, қалаға жаңадан қосылған тұрғын үй орамдарына қарай 55 шақырымдай жолдар тарту жоспарланып отыр.

Елбасы бүгін тағы бірнеше нысанды араламақ.

Соңғы жаңалықтар