Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді, деп хабарлады Caravan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір мұнай-газ өнеркәсібінің өкілдерімен кездесуі басталды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы баяндады. Сондай-ақ, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өркендеу барысы туралы айтты.
Сапар аясында мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы ірі жобалар телекөпір арқылы таныстырылады деп жоспарланған.