Елбасының айтуынша, бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысында «еңбек өнімділігін арттыру және қосалқы құнды өсіру есебінен» мақта кластерін дамыту тауар мөлшерін 1 млрд. долларға жеткізуге мүмкіндік береді. Н.Назарбаевтың пайымдауынша, «астық өндіру және мал шаруашылығы салаларында да кластарлерді дамытуға назар аудару қажет».
Мемлекет басшысы «ауылшаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын импортқа тыйым салу арқылы азайтуға талпынудың пайдасы жоқ». «Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өткен жағдайда импортқа салынған тыйымнан автоматты түрде бас тартуға тура келеді»,- деді Елбасы. Сонымен бірге президенттің пікірінше, Қосалқы құн салығын азайту да өзіндік құнды азайтудың келешегі жоқ бағытына жатады. «Бұл — мемлекет тарапынан тауар өндірушіге тікелей субсидия бөлу деген сөз. Ал Бүкіләлемдік сауда ұйымының өкілдері қазірдің өзінде елімізде мемлекет тарапынан бөлінетін тікелей субсидия мөлшері тым көп дегенді алға тартып, оны азайтуды талап етуде»,- деді Н.Назарбаев.
Н.Назарбаевтың пікірінше, еліміздегі ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттырудың басты бағыты — оның сапасын арттыру мен жаңа жабдықтардың есебінен өнімнің өзіндік құнын азайту болып табылады. Өнім өндірушілер қуатты бәсекелестікке дайындала беру қажет. «Сіздер аспаннан рахым күтіп қарап отырмай, бәсекелестікке машықтанып, шыныға берулеріңіз абзал»,- деді президент кеңеске қатысушыларға арнаған өз сөзінде.