Елбасы азаматтар мен ШОБ-ты қорғауды қамтамасыз етуге прокурорлық қадағалауды күшейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы азаматтар мен ШОБ-ты қорғауды қамтамасыз етуге прокурорлық қадағалауды күшейтуді тапсырды

Елбасы азаматтар мен ШОБ-ты қорғауды қамтамасыз етуге прокурорлық қадағалауды күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Асхат Дауылбаевты қабылдау барысында азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге прокурорлық қадағалауды күшейтуді тапсырды.

  • 10 Маусым 2011
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін толықтай қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берді», делінген президенттің баспасөз қызметінің Ақ орда сайтындағы ақпаратында.

А. Дауылбаев президентті еліміздігі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы хабардар етті, сондай-ақ, оның тапсырмаларының орындалу барысы туралы және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде баяндады.

Соңғы жаңалықтар