Елбасы барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Елбасы барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бүгін әлемдегі барша мұсылманның ең ұлық мерекесі Құрбан айт басталды. Қасиетті күн осыдан 7 жыл бұрын мемлекеттік мерекелердің қатарына еніп оның алғашқы күні ресми демалыс болып жарияланды. Үш күнге созылатын Құрбан Айттың бірінші күні биыл жұмаға сәйкес келіп отыр. Ал бүгін еліміздің жер-жерінде айт намазы оқылып, құрбандық шалынды.

  • 27 Қазан 2012
  • 358
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңғы айт намазына келгендердің саны 15 мыңнан асып  еліміздегі ең үлкен мешітке де сыймай қалды. Ал іштен орын таппаған жамағат сыртта тұрып құлшылық етті. 12 мың кісіге шақтап салынған  «Хәзірет Сұлтан» мешітінінің ішінде шынымен де ине шаншар орын жоқ. Бастысы көңіл мен ниет түзу. Сондықтан жиналғандар дұға қылып Алладан тілек тіледі. Бір қуантарлығы тілін кәлимаға келтіріп имандылыққа бет бұрғандардың дені жастар. Ал қасиетті күннің ұлылығы сол пенделердің Жаратушыға бір табан жақындауына мүмкіндік береді.

Құрбан айттың алғашқы күні-ақ мешітке келіп көппен бірге мұсылмандық міндетін орындаушыларды мемлекет басшысы да арнайы келіп құттықтады. Елбасы имандылық, дінге беріктік бейбітшілік пен берекеге апаратын жалғыз жол екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Баршаларыңызды осы мерекемен құттықтап Құрбан айттан Құрбан айтқа аман есен-жетіп тілегіміз Алланың алдындағы қабыл болсын. Барлық ниетіміз орындалып бұл дүниеде де о дүниеде де Алла Тағалла жүрегімізді бетімізді жарқын қылсын. Қиямет қайымда да біз жарқын болып өтетін болайық. Еліміз, жұртымыз үшін жасап жатқан барлықтілегіміз Алланың құлағына шалынып орындалсын.

Ұлық мереке күні сауап істер арқылы жүректі тазартып, құрбан шалып, пітір садақа беріп, жоқ жітік шаңырақтға көмек беру ләзім. Құрбан айт та Ислам дініндегі өзге мейрамдар секілді мұсылман қауымын ғана емес, барша жұртты татулыққа, ауызбірлікке, кешірімге шақыратыны белгілі. Мейрамның басқа да жоралығысы мен пенделердің парызы жайлы «Хәзірет сұлтан» мешітіне бас сұққандарға бас мүфти Әбсаттар қажы уағыз оқып отырды. Ал таңертең мешітте бас қосқан елордалықтар кешке дейін айттап, мерекенің мәнін келтірді.


Тұрғындар:

Құрбан шалып жатырмыз. Баршаға амандық тілігімізді қабыл етсін деймін Алла.

 — Алланың ризашылығы үшін пітір садақа беріп осылай келгендегі күніміз құтты болсын.

Құрбан айттың алғашқы күнінде қас қарайғанша дейін тұрғындар бас мешітке ағылып келіп жатты. Бұл күні адам баласының жомарттығы да сынға түспек. Шүкір, Елордада Алланың осы әміріне бойсұнғандар баршылық.

Құрбан айттың басты міндеттерінің бірі – қан шығару, яғни мал сою. Алла тағала Құрбан шалғанға — сойылған малдың терісіндегі әрбір қылындай сауап барын айтқан. Осы Алланың әміріне бағынып абзал істі орындауға ниет білдірген ағайынның еншісінде  әлі 3 күн уақыт бар. Ендеше, ниеттерііңіз қабыл болғай.

Соңғы жаңалықтар