Жарияланды: 310

Елбасы БҒМ мен ЭДСМ-ге отандық еңбек нарығының болашағына сараптама жасауды тапсырды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру бойынша кезекті жалпыұлттық телекөпір барысында Білім және ғылым министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігіне отандық еңбек нарығының болашағына сараптама жасауды тапсырды.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, экономиканы, жаңа салаларды жаңғырту, заманауи технологияларды қолдану елдің еңбек ресурстары талабын арттырады. Бұл университеттерден, кәсіби білім беру жүйесі мекемелерінен өздерінің білім беру бағдарламаларын жаңғыртуды талап етеді. «Білім және ғылым министрлігіне Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесіп отандық еңбек нарығының болашағына сараптама жасауды, инновациялық экономика үшін жаңа кадрларды дайындауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін