Мемлекет басшысының атап өтуінше, экономиканы, жаңа салаларды жаңғырту, заманауи технологияларды қолдану елдің еңбек ресурстары талабын арттырады. Бұл университеттерден, кәсіби білім беру жүйесі мекемелерінен өздерінің білім беру бағдарламаларын жаңғыртуды талап етеді.
«Білім және ғылым министрлігіне Экономикалық даму және сауда министрлігімен бірлесіп отандық еңбек нарығының болашағына сараптама жасауды, инновациялық экономика үшін жаңа кадрларды дайындауды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді ҚР Президенті.