Елбасы білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекітті

Елбасы білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын бекітті

Қазақстанда білім беру саласын дамытудың 2010-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл туралы бүгін, 12-қазанда ҚР білім беру және ғылым саласы қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсетті,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 12 Қазан 2004
  • 442
Фото - Caravan.kz

«Мен кеше білім беру саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіттім. Бағдарлама тәртіптерін халық кеңінен талқыланғаны белгілі»,- деді Н.Назарбаев.

Елбасы соңғы жылдарда білім беру саласын бюджеттен қаржыландыру көлемі арта түскенін атап өтті. «Биылғы жылы бұл салаға бюджеттен 192 млрд. теңге бөлінсе, 2005-жылы 250 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр»,- деді ол. Елбасы соңғы 3 жылда мұғалімдердің жалақысы 70 процентке, кәсіптік-техникалық білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 90 процентке өскенін атап өтті. «Біз ұстаздардың жалақысын бұдан да арттыра түспек ниеттеміз»,- деді мемлекет басшысы.

Перейти к новостям спорта