“Білім беру туралы” және “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын қызметке тағайындау және босату Қазақстан президентінің құзырына беріледі деп көрсетілген. Сонымен бірге “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңға енгізілетін өзгеріске сәйкес, білім игергені туралы арнайы қорғауды талап ететін мемлекеттік үлгідегі құжаттарды дайындауға қажетті тауалар, қызмет түрлері мен жұмыстар мемлекет сатып алатын тауалар, қызмет түрлері мен жұмыстардың тізімге енгізілмек.
Өзгерістер мен толықтырулар білім беру сапасын арттыруға, ЖОО ректорларының құқықтық мәртебесін көтеруге, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануды жеделдетуге, білім беру қызметінің сапасы үшін ректорлар жүктейтін жауапкершілікті күшейтуге септігін тигізбек.