Сол күні Н.Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Заед Аль Нахайянмен кездесті. Президенттер мемлекетаралық қарым-қатынас мәселелері мен аймақтық және халықаралық дамуға қатысты өзекті проблемаларды сарапқа салды.
Сол күні Н.Назарбаев Абу-Даби қаласында өткен бизнес-форумға қатысып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндама жасады.
Бүгін, 19-қаңтарда Елбасы Дубайдағы халықаралық қаржы орталығының басшылығымен жүздесіп, екі жақты кездесулер өткізеді.
Сондай-ақ, сапар бағдарламасына сәйкес, Н.Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің ханзадасы Халифа бен Заед Аль Нахайянмен және Дубай ханзадасы шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактуммен кездеседі деп күтілуде.