Жарияланды: 420

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен бизнес-форумға қатысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 18-қаңтар, жексенбіде ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде келді,- деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметінен.

Сол күні Н.Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Заед Аль Нахайянмен кездесті. Президенттер мемлекетаралық қарым-қатынас мәселелері мен аймақтық және халықаралық дамуға қатысты өзекті проблемаларды сарапқа салды. Сол күні Н.Назарбаев Абу-Даби қаласында өткен бизнес-форумға қатысып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндама жасады. Бүгін, 19-қаңтарда Елбасы Дубайдағы халықаралық қаржы орталығының басшылығымен жүздесіп, екі жақты кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, сапар бағдарламасына сәйкес, Н.Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің ханзадасы Халифа бен Заед Аль Нахайянмен және Дубай ханзадасы шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактуммен кездеседі деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін