"Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі 6 жасар Нұрислам Серіковтің де хаты жауапсыз қалмады. Елбасы оған балалар әдебиеті мен "Лего" конструкторын сыйлауды ұйғарды, — деп көрсетілген хабарламада. Жалпы, "Аяз Атаға хат жаз" шарасы Жаңа жыл қарсаңындағы жас қазақстандықтардың тілектерін орындауға зор мүмкіндік тудыруда. "Көптеген қазақстандықтар Мемлекет басшысынан үлгі алып, мыңдаған балақайдың армандарын орындайды деген үміттеміз. Айта кетейік, аталмыш жобаның әлеуметтік маңызы зор. Себебі, біздің азаматтарға аз қамтылған отбасылардан шыққан, мүгедек және жетім балалардың тілектерін орындауларына болады", — деп түйді баспасөз қызметінде.