Елбасы бірқатар мемлекеттің Қазақстандағы елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы бірқатар мемлекеттің Қазақстандағы елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Елбасы бірқатар мемлекеттің Қазақстандағы елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бүгін жеті мемлекеттің біздің еліміздегі төтенше және өкілетті елшілері, атап айтқанда, Қытай Халық Республикасының елшісі Чэн Гопин, АҚШ елшісі Ричард Хоугланд, Египет Араб Республикасының елшісі Абдалла әл-Арнуси, Армения елшісі Василий Казарян, Израиль елшісі Израэль Мей-Ами, Венгрия елшісі Янош Балла, Швейцария Конфедерациясының елшісі Штефан Неллен сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 8 Қазан 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

Елшілерден сенім грамоталарын қабылдағаннан кейін Мемлекет басшысы оларды Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің ресми басталуымен құттықтай келе табыстар мен игіліктер тіледі.

«Қазақстан әлемдік қауымдастықта лайықты орын алған мемлекет. Оны сіздер білесіздер. Біз дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан барлық мемлекеттермен, соның ішінде сіздердің елдермен тату-тәтті, тең құқылы әріптес ретінде жемісті жұмыс істеп, біздің мемлекет пен сіздердің елдердің арасындағы байланыстарды нығайтып келеміз. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастар елшілердің жұмысына да тікелей байланысты. Осы ретте мен сіздердің Қазақстандағы дипломатиялық қызметтеріңіздің табысты болатынына сенімдімін», — деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар