Елбасы бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Елбасы бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдады

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетел елшісінен сенім грамотасын қабылдады.

  • 14 Қазан 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

Елбасына Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Енг Чон, Иордания Хашимиттік Корольдігінің Елшісі Ахмед Идрис Инаб, Палестина Елшісі Монтасер Абу Зейд,  Латвия Республикасының Елбшісі Юрис Погребнякс, Испания Корольдігінің Елшісі Педро Хосе Санс Серрано сенім грамоталарын табыс етті.

«Құрметті елші мырзалар! Алдымен сіздерді Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияларыңыздың басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыз елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді деп үміттенемін. Біздің бүгінгі кездесуіміз бүкіл Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын тойлау кезімен сай келіп отыр. Бұл мемлекеттік құрылым қазақ ұлтын ұйыстырудың ерекше тарихы болып саналады», — деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы тарихи жаңа кезеңде мемлекеттің байырғы дәстүрлерін қайта жаңғыртуға талпынатындығымызды атап өтті.


Тәуелсіздік жылдары заманауи мемлекеттің берік іргетасын қаладық. Ол қарқынды дамыған, нарықтық экономика, тұрақты саяси жүйе мен қозғалыс деп санаймыз», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар