Елбасы биыл үкіметті өзгертуді жоспарлаған жоқ - премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы биыл үкіметті өзгертуді жоспарлаған жоқ - премьер-министр

Елбасы биыл үкіметті өзгертуді жоспарлаған жоқ - премьер-министр

Премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов өзін қызметтен босату туралы өтінішті Елбасына табыс еткен кезде президент : " биыл үкіметті өзгертуді жоспарлаған жоқ едім" деп атап көрсеткен. Бұл туралы бүгін, 11-масымда Иманғали Тасмағамбетов үкімет отырысы аяқталғаннан кейін журналистрге хабарлады.

  • 11 Маусым 2003
  • 582
Фото - Caravan.kz

Тасмағамбетовтың айтуынша, «ахуалдың осылайша өрбігеніне» президент өкініш білдірді.

Өз тарапынан елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды «өте жақсы» деп бағалаған үкімет басшысы «өздері тындырған істер үшін ұялуға негіз жоқ » деп мәлімдеді.
Өз болашағы туралы сөз қозғаған И.Тасмағамбетов біраз уақыт демалып, отбасымен бірге болатынын жеткізді. Осы орайда ол өзінің «президент командасындағы адам екенін, әрі бұдан ешқашан бас тартпайтынын, президенттің кез-келген ұсынысын ризашылықпн қабыл алатынын» атап көрсетті.
Ал оның мәжіліс сайлауына қатысу мүмкіндігі туралы журналистер сауалына И.Тасмағамбетов : «жұмыссыз қалсам да мәжіліс сайлауына атымды ұсынбаймын » ,- деп жауап берді.
Оның айтуынша бүгін «Елбасы Жер Кодексіне қатысты парламент палаталарының депутаттарымен жабық жағдайда кездесу өткізуде».
Үкімет басшысы «қазіргі таңда министрлер кабинеті өз міндетін атқаруды одан әрі жалғастыруда» ,- деп хабарлады.