Елбасы: біз Астана құрылысын қорытындылау сатысында тұрмыз - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: біз Астана құрылысын қорытындылау сатысында тұрмыз

Елбасы: біз Астана құрылысын қорытындылау сатысында тұрмыз

Астана өзінің құрылысын қорытындылау сатысында тұр. Елордада салынып жатқан нысандарды бүгін аралап шыққан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге берген сұхбатында осылай деді.

  • 3 Маусым 2011
  • 755
Фото - Caravan.kz

«Біз елорда құрылысының қорытынды кезеңіне кірісіп жатырмыз. Олардың денін, ел Тәуелсіздігінің қарсаңында құрылысын аяқтағалы отырған нысандар құрайды. Осылайша, біз барлық мәселелерді шешеміз», — деп түсінік берді Елбасы өзінің сөзінде.

Президент сондай-ақ, елордамызда әкімшілік және тұрғын үй ғимараттары бойынша проблемалардың шешілгенін: медициналық мекемелер, білім беру орталықтары, бірегей спорт нысандары салынғанын атап өтті.

«Салынатын ендігі нысандар — Астананың мәдениеті мен өнер саласына арналады. Сол жағалауда заманауи Опера және балет театры салынуда, ол «Хан Шатырдан» кейінгі бірегей нысан болмақ. Оқушылардың шығармашылық сарайы салынуда, онда балаларға арналған үйірмелер, атап айтқанда ұшақтар, зымырандар жасау, ғарыш, хайуанттар әлемі, биология үйірмелері жұмыс істейтін болады. Спорттық залдар, Жас көрермендер театры да болады»,- деді Президент.

Елбасы еске салып өткен тағы екі нысан — Үлкен мешіт пен Қазақстан тарихының мұражайы болды. Рухани-мәдени мақсаттағы бұл нысандар Бейбітшілік пен келісім және Тәуелсіздік сарайларының жанынан салынуда.

«Бұл мешіт елордамызға қажет. Ал оның қарсы бетінде Астанаға туристік нысан ретінде қажет тарихи мұражай орналасатын болады. Елордамызда еліміздің байырғы тарихынан бастап қазіргі заманғы тарихын қамтитын мұражай болуы керек деп санаймын», деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сұхбатында.

Сөз соңында Елбасы сондай-ақ, ертең кеңес өтетінін, онда «қаланың барлық мәселелері қаралып, жаңа міндеттер анықталатынын» атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы бүгін елорданың бірқатар нысандарын аралады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтарды өз қалаларына ұқыптылықпен қарауға шақырды.

Барша астаналықтарға айтарым — салынып жатқан нысандардың бәріне ұқыптылықпен қараңыздар, балаларымыз үшін сақтаңыздар, балаларды мәдениетке, таза көшені ластамауға үйретіңіздер. Бұл тазалық — қаламызда жұмыс істеп жатқан адамдардың орасан зор еңбегі»,- деді Н.Назарбаев елордалық бірқатар нысандарды аралағаннан кейін журналистерге берген сұхбатында.

Спорттық нысандарды сақтау керек. Әрқайсымыз ағаштарды баптауымыз, өз қаламыздың қожайыны болуымыз керек, себебі ол қала біздің балаларымыз бен немерелерімізге қызмет етеді. Ал олар, осынау тамаша нысандарды сіз бен біздің тұрғызғанымызды есте сақтайтын болады», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар