«Біз өлім жазасын кезең-кезеңмен алып тастау мүмкіндігі туралы айтып отырмыз. Алайда мұндай қадамды қазір қоғам біркелкі қабылдай алмай отыр»,- деді президент. Н.Назарбаевтың айтуынша, қоғам «далаға адамның қанын жүктеу үшін шыққан жан өзіне де осындай жаза қолданылатындығынан хабардар болуы тиіс» деген пікірде. «Халықтың осындай тұжырымымен келіспеуге де болмайды»,- деді мемлекет басшысы.
Дейтұранмен, Елбасы «болашақта Қазақстанда өлім жазасы жойылады» дегенге сенім білдірді.