«Кез келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды. Көп ұлтты қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Жыл сайын Қазақстанда рухани келісім күні атап өтіледі. Біздің елордамыз — Астана әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтетін орынға айналды. Бейбітшілік, сенім, толеранттылық, мәдени дәстүрлердің бір-бірін байытуы және үнқатысуы Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммитінің күн тәртібіне енгізілген. Қазіргі таңда түрлі этностар мен дінге жататын адамдарды біріктіруге қабілетті рухани құндылықтарды бекіту тұрақты күш-жігерді, әрі түрлі елдердің діни көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері тарапынан үнемі назарды қажет етеді. Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумын өткізу қазіргі әлемнің руханилығын нығайтуға, мәдениеттер мен өркениеттер үн қатысуларын кеңейтуге маңызды қадам болатындығына сенімдімін», делінген Мемлекет басшысының Жолдауында.