Елбасы Чехия Республикасы елшісінің сенім грамотасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Чехия Республикасы елшісінің сенім грамотасын қабылдады

Елбасы Чехия Республикасы елшісінің сенім грамотасын қабылдады

Бүгін, 2-желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Елордасындағы сарайында Чехия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Милан Седлачектің сенім грамотасын қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 520
Фото - Caravan.kz

Журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында М.Седлачектің атап көрсеткеніндей, елшінің Қазақстандағы іс-қызметінде екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты дамытуға, бұған қоса мәдениет және жиҺанкездік саласындағы ынтымақтастықты пәрмендендіруге басымдық беріледі. Елшінің айтуынша, тұтастай алғанда, «Қазақстан мен Чехия Республикасы арасындағы қарым-қатынас екі ел арасында ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүрлер аясында дами береді».

ҚР СІМ-нің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 2002-жылы 67,5 млн. долларды құраған. Қазақстанда чех капиталымен құрылған 70-тен астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар негізінен мұнай және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, тұтыным тауарлары, құрылыс материалдары мен жиҺаз өндіру жұмыстарымен айналысады.

Соңғы жаңалықтар