Журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында М.Седлачектің атап көрсеткеніндей, елшінің Қазақстандағы іс-қызметінде екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты дамытуға, бұған қоса мәдениет және жиҺанкездік саласындағы ынтымақтастықты пәрмендендіруге басымдық беріледі. Елшінің айтуынша, тұтастай алғанда, «Қазақстан мен Чехия Республикасы арасындағы қарым-қатынас екі ел арасында ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүрлер аясында дами береді».
ҚР СІМ-нің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 2002-жылы 67,5 млн. долларды құраған. Қазақстанда чех капиталымен құрылған 70-тен астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар негізінен мұнай және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, тұтыным тауарлары, құрылыс материалдары мен жиҺаз өндіру жұмыстарымен айналысады.