«Даниал Ахметов — білікті өндіріс маманы, ол табысты еңбегімен көзге түсіп жүр, оның барлық әрекеттері мемлекетіміздің игілігіне арналған»,- деді үкімет басшысына берген мінездемесінде Елбасы. «Үкіметтің алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін оған әлі де көп күш-жігер мен денсаулық қажет»,- деді мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев Д.Ахметовқа зор денсаулық, бастамаларына толайым табыс тіледі.