Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Менің бағаға қатысты мәселені шешу жөнінде берген тапсырмамнан кейін Фармация комитетінің төрағасы, "СК-Фармация" компаниясының басшылығы және бес облыстың басқарма басшылары ұсталды. Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады", — деді Елбасы.
Қазақстан Президенті алға қойылған міндеттердің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау саласына, соның ішінде дәрі-дәрмектерді сатып алу үрдісіне тиісті бақылау орнатуды тапсырды.
Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Е.Біртановқа өзі басшылық ететін салаға дербес жауап беретінін ескертті.